Финляндиядағы Аяз атаның кеңсесі қаржылық қиындыққа байланысты бакнротқа ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санта-Клаустың Финляндиядағы кеңсесі 200 мың еуро (223 мың доллар) сомасындағы салықтың төленбеуі салдарынан банкрот болғанын жариялады, деп жазады «ВВС» агенттігі.

Рейтер агенттігінің мәліметтерінше, қаржылық қиындық Санта-Клаус резиденциясының ең жиі қонақтарының қатарында болған ресейлік туристер санының күрт азаюымен байланысты болды. Сондай-ақ, Грекия, Испания, Италия және Португалиядан келетін қонақтардың саны айтарлықтай төмендеген. «Бірінші Грекия, содан кейін Испаниядан келетін туристердің саны қысқарған. Кейін Италия мен Португалия, Ресейден келетіндер де азайды», - деп кейіді Лапландиядағы Санта-Клаус кентінің басқарушы директоры Ярмо Кариниеми. Тақырыптық саябақ басшылығының хабарлауынша, Санта-Клаус резиденциясының жабылауына жол бермеу үшін олардың салықтарды төлеумен байланысты мәселені шешуге тағы бір апта уақыты бар. Басқарушы директордың айтуынша, қажетті соманың жартысы жиналды. Былтыр Санта-Клаустың «кеңсесіне» 300 мыңға жуық турист келген. Ресейлік туристер санының азаюынан енді ең жиі келетін қонақтар жапондықтар болып отыр.