Финляндияның бұрынғы президенті Мауно Койвисто өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияда жұма күні 93 жасында республиканың бұрынғы президенті Мауно Койвисто (Mauno Koivisto) қайтыс болды.

Финляндия президентінің кеңсесі хабарлағандай, Койвисто Мейлахти (Meilahti) ауруханасында көз жұмған.

Мауно Койвисто Финляндияны 1982-1994 жылдар аралығында 12 жыл бойы басқарған. Ол Финляндияның тоғызыншы президенті болды. Бұған дейін премьер-министр, қаржы министрі және Финляндия банкінің басшысы ретінде қызмет еткен.

Ол өмірінің соңғы жылдарында Альцгеймер ауруына шалдығып, қоғамдық іс-шараларға мүлдем қатысқан жоқ.