Бұл аймақта жексенбіден бастап толассыз қар жауды. Әсіресе, Кюменлааксо облысында күрделі жағдай қалыптасты. Мұнда 10 мыңға жуық адам жарықсыз отыр.
Жергілікті электр компаниясының атап өтуінше, жарықсыз қалған 5 мың үйге электр энергиясын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Синоптиктердің хабарлауынша, үйлерге жарық сәрсенбі күні беріледі.