Финляндияның ұлттық радиосынан Құран сүрелері оқылмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияның Yle атты ұлттық радиосы жұмыс жоспарына жаңа бағдарлама енгізді. Енді финдіктер ұлттық радиоларынан қасиетті Құран Кәрімді тыңдайтын болады.

Жарты сағатқа созылатын бағдарлама жалпы саны 60 бөлімге бөлінген. 7 наурыз күні бастау алатын жоба «финдіктердің мұсылмандық мәдениеті деңгейін көтеруге» арналады, делінген ҚМДБ ресми сайтында.

Финляндияның мұсылмандар жамағатының басшысы Анас Хаджар мен Құранды фин тіліне аударған профессор Яакко Хамин-Анттила бағдарламаның екінші бөлімінде қасиетті Құран аяттарынның мағынасын түсіндіретін болады.

Ресми деректер бойынша, бұл елде 60 000 мұсылман жамағаты тұрады.