Финляндияның жаңа үкімет басшысы Юрки Катаинен болды

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Финляндия парламенті «Ұлттық одақ» партиясының көшбасшысы Юрки Катаиненді ресми түрде үкімет басшысы қызметіне бекітті, деп хабарлайды Росбалт.

Reuters-тың мәліметтеріне сүйенсек, 118 депутат Катаиненнің үкімет басқаруын қолдап дауыс берсе, 72 депутат қарсылық білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау 17 сәуір күні өткен болатын. Катаинен басқарған Одақтас партия жеңіске жетті.