«Фиорентина» футболдан Конференция лигасын жеңіспен бастады

Фото: UEFA.com

Бүгін футболдан UEFA Конференция лигасы негізгі кезеңіндегі бірінші тур ойындары өтт, деп хабарлайды Sport12.kz.

Бұл турда Италияның «Фиорентина» командасы өз алаңында чехиялық «Сигмамен» шеберлік байқасты. Кездесу барысында италиялық клуб қарсылас қақпасына екі гол соқты. Осылайша қарсыласынан 2:0 есебмен басым түскен олар аталған турнирді жеңіспен бастады. 

Ойындар кестесі:

«Динамо Киев» (Украина) — «Кристал Пэлас» (Англия) 0:2
«Лозанна» (Швейцария) — «Брейдаблик» (Исландия) 3:0
«Зриньски» (Босния және Герцоговина) — «Линкольн» (Гибралтар) 5:0
«Ягеллония» (Польша) — «Хамрун Спартанс» (Мальта) 1:0
«Лех» (Польша) — «Рапид» (Аустрия) 4:1
«Райо Вальекано» (Испания) — «Шкендия» (Солтүстік Македония) 2:0
КуПС (Финляндия) — «Дрита» (Косово) 1:1
«Омония» (Кипр) — «Майнц» (Германия) 0:1
«Абердин» (Шотландия) — «Шахтер Донецк» (Украина) 2:3
«Шелбурн» (Ирландия) — «Хеккен» (Швеция) 0:0
«Ноах» (Армения) — «Риека» (Хорватия) 1:0
«Спарта Прага» (Чехия) — «Шемрок Роверс» (Ирландия) 4:1
«Фиорентина» (Италия) — «Сигма» (Чехия) 2:0
«Легия» (Польша) — «Самсунспор» (Түркия) 0:1
«Целе» (Словения) — АЕК Африны (Румыния) 3:1
«Ракув» (Польша) — «Университатя Крайово» (Румыния) 2:0
«Слован Братислава» (Словакия) — «Страсбур» (Франция) 1:2
АЕК Ларнака (Кипр) — «АЗ Алкмаар» (Грекия)4:0

Жарыстың аталған сатысында барлығы 36 команда сынға түседі. Турнир барысында командалар алты ойыннан өткізеді.

Алғашқы тур ойындары 2025 жылдың 2 қазанына белгіленсе, алтыншы тур 18 желтоқсанға жоспарланған. Плей-офф 2026 жылдың 19 және 26 ақпанында өтсе, 1/8 финал 12 және 19 ақпанда болады.

Ал ширек финал 9 және 19 сәуір, жартылай финал 30 сәуір және 7 мамырға ойналса, финал 27 мамырда болады.

Айта кетсек, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында «Барселона» өз алаңында «Пари Сен-Жерменге» есе жіберді.