Ол Алматыдағы SPORTExpo Kazakhstan спорттық көрмесін тамашалады.
Ф.Шәріпова қазір WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы финляндиялық Ева Вальстреммен болатын жекпе-жекке дайындық үстінде. Қазақстанға жаттығулар арасындағы үзілісін пайдаланып бірнеше күнге келіп отыр. Жуық арада ол Мәскеуге қайтып кетеді.
Айта кетейік, Ф.Шәріпова үздік спортшы қыз ретінде «Алтын Адам - Жыл Адамы» сыйлығына ұсынылған.
Марапаттау салтанаты 20 қараша күні 18:30-да Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында болады.