«Светлана Кулакова, сенімен жекпе-жекке шығу үшін екі салмақ санатына жоғары көтерілуге дайынмын. Жекпе-жектен бас тартпа. Көрермендерге әдемі жекпе-жек сыйлайық»,- деді ол өзінің видео үндеуінде.
Фируза Шәріпова кәсіби рингтегі алғашқы кездесуін 2016 жылдың 21 мамырында өткізген болатын. Сол кезде ресейлік Софья Очигаваға ұпай санымен есе жіберген еді.
Светлана Кулакова - ресейлік спортшы, боксшы әрі кикбоксер. Әуесқой спортшылар арасында кикбоксингтен әлем чемпионы (2011), Еуропаның төрт мәрте чемпионы, кәсіби спортшылар арасында кикбоксингтен әлем чемпионы (2010), әуесқойлар арасында бокстан әлем (2002) және Еуропа (2003) чемпионаттарының қола жүлдегері. Сонымен қатар оның бірінші орта салмақта кәсіби бокстан уақытша әлем чемпионы (WBA, 2013-2014) атағы бар.