Спортшы инстаграмына келесі айқасының 24 қазанда Қазан қаласында (Ресей) өтетінін жазды. Қарсыласының есімі таяу уақытта жария етіледі.
Еске салайық, 22 тамызда Шәріпова Қазанда танзаниялық Хэппи Даудиға (8-7-1, 4 КО) қарсы айқасып, бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. IBA тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы титулы бәске қойылды. Бұл жекпе-жек қазақстандықтың 2019 жылдың сәуірінен бергі алғашқы айқасы.