Фируза Шәріпова келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова келесі айқасы қашан өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

«Менің келесі жекпе-жегім қыста өтеді. Бұл, белді төрт титулдың бірі бойынша чемпиондық атақ үшін айқас болады», - деп жазды Фируза Шәріпова Instagram-парақшасына.

Еске сала кетсек, қазан айының соңында Ф.Шәріпова (11-1, 6 КО) сербиялық боксшы Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) кездескен болатын. Сегіз раундқа жоспарланған жеңіл салмақтағы жекпе-жекте қазақстандық спортшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Фируза Шәріпова кәсіпқой рингтегі он екінші жеңісін тойлады.

26 жастағы боксшымыз үшін бұл 2020 жылғы екінші айқас болатын. Бұған дейін ол тамызда танзаниялық Хэппи Даудимен (9-7-1, 4 КО) кездесіп, бесінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.