АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Фируза Шарипованың Алматыда өтетін жекпе-жегі алдындағы бейнеролигі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бейнеролигті спортшының баспасөз қызметі жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, Шарипованың Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) талаптарына сай кездесуден бір апта бұрын салмағын өлшетіп, ары қарай жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оның таразыдағы таза салмағы 61,7 келі болған. Жекпе-жек 30 желтоқсан Almaty Arena алаңында өтеді. Қарсыласы бельгиялық Джемилла Гентарюк.
Публикация от Vesti.kz (@vestigram) Дек 23, 2017 at 12:14 PST
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.