Ф. Шарипова екінші жартылай жеңіл салмақта WBC International титулы үшін 6 шілде күні Магнитогорскіде сынға түседі. Оның қарсыласы 28 жастағы бұрын-соңды жеңіліп көрмеген ресейлік Юлия Куценко. Кәсіпқой боксқа 2015 жылы қадам басқан ол осыған дейін сегіз рет жекпе-жек өткізіп, оның жетеуінде жеңіске жетсе, бір ойында тең түскен.
BoxRec беделді порталының нұсқасы бойынша, Юлия Ресейдегі екінші жартылай салмақ дәрежесіндегі нөмер бірінші спортшы.
Еске салайық, қазақстандық Шарипова 30 тамыз күні Астанада екінші жартылай салмақ дәрежесіндегі WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атақ үшін жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр.