«Әлемдік рейтингтің жартылай салмағындағы нөмірі бірінші спортшы, WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы, финляндиялық Ева Вальстрем 8 қыркүйекте өтетін болашақ қарсыласы Ф.Шарипованың жекпе-жегін көруге арнайы келеді», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қазіргі таңда Ф.Шарипова екінші жартылай жеңіл салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы және WBC Silver чемпиондық белдігінің иегері. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың қазан айында Монакода қазақстандық спортшының Ева Вальстреммен жекпе-жегі жоспарланған.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың 8 қыркүйек күні Санкт-Петербургте Фируза Шарипова испандық Мириам Гутьерреспен рингке шығады. Айтулы спорттық бәсекені әлемнің 50-ден астам елі тікелей таратылымда көрсетеді.