FIS өкілі Щучинск қаласында орналасқан шаңғы трамплиндерін тексеруден өткізді. Нақтылап айтар болсақ, Тильманн 2019 жылдың 11-14 шілдесінде өтетін FIS Құрлықтық Кубогін қабылдауға кешеннің қаншалықты дайын екенін тексерген.
Тексеру нәтижесі бойынша шетелдік маман бірнеше ескерту жасап, құнды кеңестерімен бөлісті. Жалпы алғанда, аралық тексеру нәтижесі маманның көңілінен шыққан.