Студенттер спортының халықаралық федерациясы ұйымдастыру комитеттеріне мектеп оқушылары және студенттерінің халықаралық сайыстарын өткізгенде Алматының тәжірибесін ескеруді ұсынды.
2017 жылғы 19 тамызда Тайбэй қаласында халықаралық жазғы Универсиада ойындары өтеді.
Айтулы спорт додасында қазақстандық 121 спортшы жеңіл атлетика, жүзу, бокс, күрес және басқа да спорт түрлерінен ел намысын қорғайтын болады.
Универсиада алауы жанбай тұрып, студенттер спортының халықаралық федерациясының атқарушы комитеті Grand Hyatt қонақүйінде жиын өткізді.
Жиын барысында сарапшылар кеңесі Алматыда өткен Универсиада ойындарын қорытындылады. Мамандар Алматыдағы сайыстың ұйымдастыру деңгейі мен сапасына баға берді.
170 ел өкілінің алдында сарапшылар кеңесінің жетекшісі Милан Августин баяндама оқыды.
Оның айтуынша, бұған дейін ешқандай Универсиада ойындары Алматыдағыдай қызығушылық туғызған жоқ. Спорттық шара өткізілер алдында барлық билеттер сатылып кеткен. Универсиада алауының эстафетасы да ерекше форматта өтті.
Сарапшылар Алматы билігі сияқты мектеп оқушылары мен студенттерге демалыс жариялауға ұсыным берді.
Өз баяндамасын қорытындылай келе Милан Августин Алматыдағы универсиаданы үздік деп таныды.
«Алматыда өткен ойындардың тәжірибесі өте маңызды. Болашақта универсиада ойындарын өткізу кезінде біз Қазақстанмен әріптестікті нығайта түсеміз»,- деді FISU президенті Олег Матыцин.
2017 жылы Алматыда өткен 28 қысқы Универсиада ойындарының директоры Наиль Нуров Матицын Олегке ойындардың аяқталғаны туралы естелік сертификат табыстады.