Ал холдингтің ұзақмерзімді рейтинг бойынша болжамы - «Тұрақты». Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметінен хабарланды.
Бұдан бөлек, Fitch ұлттық валютадағы ұзақмерзімді рейтингін «A-» және «AAA(kaz)» бойынша бағалайды. Бұл ретте агенттік холдингке Ұлттық қордан кәсіпкерлікті және өңдеуші секторды қолдау бағдарламасы бойынша бөлінген 100 млрд теңгенің басымдығы қамтамасыз етілмеген ішкі облигацияларын атап өтеді.
Тоқтала кететін жайт, Қазақстанның тәуелсіз рейтингінің деңгейіне сәйкес, «Бәйтерек» холдингін бағалаудағы басты фактор ретінде қажеттілікке қарай Үкімет тарапынан қолдау мүмкіндігінің жоғарылығы аталады. Бұл жағдай негізінен «Бәйтерек» холдингінің басқарушылық мәртебесіне байланысты және ұлттық экономиканы дамыту бойынша маңызды функция атқарып отырғандығына қатысты болып отыр. Бұдан бөлек, холдинг қызметінің өнеркәсіпті дамытуға, экономиканы әртараптандыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, сондай-ақ қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталғанына да назар аударылады.
«Рейтингтер беруде «Бәйтерек» холдингінің айтарлықтай деңгейде қаржыландырылатыны, оның қызметіне бақылау мен қадағалау Үкімет тарапынан жүзеге асырылатындығы, сондай-ақ компанияның стратегиялық мәніне орай, Үкімет тарапынан қажетті қолдаудың жасалатындығы да ескерілген. Бұл ретте холдинг рейтингі еліміздің тәуелсіз рейтингін білдіреді. Қазақстанның рейтингі жоғарылаған сайын компания да оңтайлы рейтингтік әрекет орын алады, керісінше, Қазақстанның рейтингі жағымсыз әсерге ұшыраған жағдайда «Бәйтеректің» мемлекетпен тығыз байланыстылығына орай, оның да рейтингі нашарлайды», - делінген баспасөз баянында.