Физиология мен медицина бойынша Нобель сыйлығы иммунитет үшін ұсынылды

АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Стокгольмде физиология мен медицина бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары анықталды.

10 миллион швед кроны (1,4 млн. АҚШ доллары) көлеміндегі жүлде тума имунитетті күшейту тақырыбын зерттеген үш ғалымға берілді. Лауреаттар: Брюс Бётлер (Bruce A. Beutler), Жюль Хоффманн (Jules A. Hoffmann) және Ральф Штейнман (Ralph M. Steinman). Марапаттау рәсімі 10 желтоқсанда өтеді, деп хабарлайды Лента.ру.