Париждегі ЮНЕСКО штаб-пәтерінен Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясының Мұхаммед Физули атындағы Қолжазбалар институтының директоры, академик Теймур Керимлиге бұл жөнінде хат жіберілген.
Байланыс және ақпарат секторының меңгерушісі Боян Радойков онда Халықаралық консультативтік комитеттің 2017 жылғы 24-27 қазан күндері өткен 13-ші отырысында осынау тарихи-мәдени мұраның Бағдарлама тізіліміне енгізілуі оны адамзат үшін сақтаудың қаншалықты маңызды екенін көрсететіні жазылған.
Айта кетейік, аталған шығарма «Диуанның» Физули дүние салғаннан кейін 16 жылдан соң, 1572 жылы түркі тілінде Бакуде көшірілген ең танымал нұсқасы болып табылады.