Флоренс дауылына байланысты АҚШ-та 300 мың адам эвакуацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атлантика мұхиты жағынан жақындап қалған Флоренс дауылына байланысты Оңтүстік Каролина штатының (АҚШ) 300 мың тұрғыны эвакуацияланды. Бұл туралы штат губернаторы Генри Макмастерге сілтеме жасап CNN телеарнасы хабарлайды.

Оның айтуынша, дауылға байланысты Оңтүстік Каролина штатының 1 миллионнан астам тұрғыны баспанасын тастап шығуы мүмкін. Телекомпанияның есептеулеріне қарағанда, Вирджиниядан Алабамаға дейінгі «Флоренс» дауылының әсері байқалатын аумақта 25 миллионнан астам халық тұрады.

Джорджия, Вирджиния, Солтүстік Каролина, Оңтүстік Каролина, Мэриленд, және Вашингтон штаттарының басшылығы дауылға байланысты төтенше жағдай жариялады.

Фото: bloomberg.com