Табылған алтынды сарапшылар 4,5 млн-нан астам долларға бағалады.
Алтын және күміс монеталары, алтын тізбектері мен ыдыстар салынған алтын сандықтар шамамен 300 жыл бұрын Флоридадан Испанияға жүзген сауда кемесінің бортында болған. Айта кеткен жөн, бұл жерде су түбінде екі испандық сауда флотилиясына тиесілі 11 кеме шөгіп жатыр.