АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Америкадағы Флорида штатының Апопка қаласындағы супермаркеттерінің бірінің есігінен 'сығалаған' екі метрлік қолтырауын жұртты шошындырды. Жергілікті БАҚ хабарлағандай, рептилия кіре беріске дейін жорғалап келіп, кірмекке әрекеттенген. Алайда автоматты есіктердің ашылып-жабылуынан сескенген көрінеді.
Қолтырауынды супермаркеттің қызметкерлері байқаған. Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер ұзақ уақыт бойы оны көшеге шығара алмай әбден әбігерге түскен. Ал дүкенге келушілер оны суретке түсіре бастаған.
Ақырында қолтырауын дүкеннің сыртындағы тоғанға жасырынып, көзден ғайып болды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.