«Флорида штатының губернаторы РонДеСантис дауылдың қозғалыс траекториясында орналасатын 26 округте төтенше жағдай жариялады», - делінген хабарламада.
Дауылдардың ұлттық орталығының мәліметтеріне сәйкес, Дориан дауылы өңірге 30 тамыз, жұма күні жетеді.
Осы аптада және келесі аптаның басында Багам аралдарында, Флорида штаты мен оңтүстік-шығыс Американың басқа елдерінде нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде.
Сондай-ақ, штат губернаторы федералдық және жергілікті ведомстволарға Дориан тропикалық дауылының зардаптарын жоюға көмектесуге тапсырма берді.