FlyArystan акцияларын да ІРО арқылы сатып алуға болады

АСТАНА. KAZINFORM – Air Astana тобы FlyArystan компаниясының 100 пайыз иесі болып қала береді. Бұл туралы Air Astana тобының президенті Питер Фостер айтты.

Фото: Kazinform

«FlyArystan 100 пайыз Air Astana тобына тиесілі жеке заңды тұлға саналады. Сондықтан да ол да аталған ІРО бөлігі болып есептелінеді. Air Astana тобының FlyArystan акцонерлері құрамынан шығуға қатысты мүлдем жоспары жоқ. Біз FlyArystan компаниясының 100 пайыз иесі болып қала береміз», - деді Питер Фостер zoom арқылы өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Бұған дейін Air Astana компаниясының ІРО-ға шығу мерзімінің неліктен бірнеше рет кейінге шегерілгендігін жазған едік

Айта кетейік, Air Astana акциялары 14 ақпанда Лондонда және 15 ақпанда KASE пен AIX-те сатыла бастайды