Еске сала кетейік, FlyArystan бюджеттік әуекомпаниясы Алматы-Самарқан жаңа бағытына билет сата бастаған болатын.
Тұрақты рейстер 30 наурыздан бастап әр сәрсенбі мен сенбі сайын орындалады, саяхат шамамен екі сағатқа созылады деп жоспарланған.
Өкінішке қарай, Өзбекстанның әуе басшылығы қазақстандық компания жолдаған өтінішке рұқсат бермеген.
Осыған байланысты 6 сәуірге жоспарланған рейс ұшпайды.
«Билеттердің толық құны қайтарылады немесе оны аптасына екі мәрте қатынайтын Түркістан-Ташкент рейсінің билетіне ауыстыруға болады. Бұдан кейін жағдай өзгеріп жатса, компания жолаушыларды хабардар етеді» делінген хабарламада.
Келешекте FlyArystan екі ел арасындағы мемлекетаралық мәмілені кеңейтіп, Өзбекстанға рейстер кестесін нығайтуға болатынына үміттеніп отыр.
FlyArystan-ның халықаралық бағыт жүйесі Қазақстаннан Түркия, БАӘ, Грузия, Қырғызстан, Ресей мен Өзбекстанға қатынайтын тұрақты рейстерден тұрады.
2022 жылдың сәуірінен бастап олардың қатарына Әзербайжанға қатынайтын жаңа рейстер кіреді.