FlyArystan Ыстықкөлге ұшатын жолаушыларға ескерту жасады

АСТАНА. KAZINFORM — FlyArystan әуе компаниясы Ыстықкөлдегі халықаралық спорттық іс-шараға байланысты Тамшы әуежайынан ұшатын жолаушыларға үндеу жасады.

Фото: Көлік министрлігі

2026 жылғы 30 шілде мен 2 тамыз аралығында Шолпан-Ата — Тамшы әуежайы бағытындағы көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.

Әуе компаниясы өкілдері жолаушыларға жолдағы ықтимал өзгерістерді ескеріп, әуежайға алдын ала шығуға кеңес берді.

— Ұшу алдындағы барлық рәсімнен уақытылы өту үшін әуежайға ұшуға кемінде 3 сағат қалғанда келуге кеңес береміз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және сіздерге сәтті сапар тілейміз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Астанада өтетін «Болашақ ойындары — 2026» халықаралық іс-шарасына байланысты қаладағы көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін хабарлағанбыз. Осыған байланысты әуежайға баратын жолдардың кейбір учаскелері жабылуы мүмкін екені ескертілген еді.