FlyArystan Қарағанды әуежайынан база ашады

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - FlyArystan отандық лоукостері Қарағанды әуежайында база ашады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ол компанияның еліміздегі екіншібазасы болмақ. Біріншісі Алматыда жұмыс істейді.

Әуе компаниясының ұшақтары Қарағандыда, «Сарыарқа» әуежайындаорналасады. Бұл дегеніміз, облыс орталығынан әртүрлі бағыттар бойынша, соныңішінде халықаралық бағыттарда 12 рейс іске қосылады дегенді білдіреді. Әуекемесіне қызмет көрсету және жанармай құю да Қарағанды әуежайының базасындажүзеге асырылады.

«Біз базаны 2020 жылдың бірінші жартысында ашуды жоспарлапотырмыз. Бастапқыда онда әрқайсысы эконом-класты 180 орынға арналған екі борторналасады. Маршруттар әлі анықталған жоқ. Бағыттарды қарағандылықтардыңтілектерін ескере отырып таңдағымыз келеді. Ұсыныстарды зерттеу үшінInstagram-да арнайы аккаунт ашамыз», - деді Air Astana АҚ қаржы жөніндегібасқарушы директоры Ибрагим Жаңлыел.

Оның айтуынша, базаның ашылуы Қарағандыда 120 жаңа жұмысорнын құруға мүмкіндік береді. Әуе компаниясы бортсеріктерді, ұшқыштарды,инженерлер мен жердегі қызмет көрсету қызметкерлерін қабылдайды.
Қазір Қарағанды әуежайында ангарлар жөнделеді және лоукостербазасын орналастыруға дайындық бойынша басқа да техникалық жұмыстаржүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыдан FlyArystan әуе компаниясыныңалғашқы рейсі осы жылдың екінші мамырында жүзеге асырылды. Қазір әуе кемелеріҚарағандыдан Алматыға және кері қарай күнделікті ұшып отырады. Билеттің ең төменгі бағасы – 5999 теңге. Бұл сомаға ұшу және қол жүгін тасымалдау кіреді. Қосымша ақы үшінжолаушыларға бортта тамақ, багаж тасымалдау және басқа да қызметтер ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар