FlyArystan компаниясының ұшып келе жатқан екі әуе кемесіне құстар соғылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандағы лоукостер FlyArystan компаниясының ұшып келе жатқан екі әуе кемесіне құстар соғылды. Бұл ұшақтар Түркістан – Астана және Қостанай – Астана бағыты бойынша сапарға шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл ақпаратты әуе компаниясының байланыс орталығы растады. FlyArystan өкілдері осы оқиға салдарынан Астана – Қостанай және Қостанай – Шымкент бағыты бойынша басқа рейстер кейінге шегерілгенін хабарлады. Ұшақтардың шығу уақыты сағат 18:15-ке және 20:00-ге ауыстырылды.

«Билет құны толық қайтарылады немесе басқа күнге қайтадан билет алуға болады. Бұл жұмыстар ақысыз іске асырылады», - делінген FlyArystan байланыс орталығы мәліметінде.

Жақында FlyArystan ұшағына найзағай түсіп, әуе кемесі шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды.