Ұшақ Алматыдан Шымкентке 19.06.2023 сағат 21:00-де ұшады деп жоспарлануда.
Ұшу уақыты туралы өзекті ақпарат жолаушыларға брондау кезінде көрсетілген нөмірлерге жіберіледі. Сондай-ақ жолаушылар flyarystan қосымшасында және flyarystan.com сайтында рейстің статусын өз бетінше тексере алады.
Әуекомпанияның кінәсінің жоқтығына қарамастан, біз рейстің жолаушылары:
1. Екі сағаттан артық кешіктірілген кезде: алкогольсіз сусындар, сондай-ақ бес минуттан аспайтын екі телефон қоңырауын немесе екі электрондық пошта хабарламасын сұрай алады.
2. Төрт сағаттан артық кешіктірілгенде, ыстық тамақ ұсынылады.
Сусындар мен тағам мәселелері бойынша әуежайдағы FlyArystan өкілдеріне жүгінуді сұраймыз.
3. Бес сағаттан артық кешіктірілгенде, бір рет тегін әуебилеттің уақытын өзгерту мүмкіндігі ұсынылады.
«Біз ауа райының қолайсыз жағдайлары жолаушылардың жоспарларына әсер еткені үшін шын жүректен кешірім сұраймыз және әуекомпания барлық рейстерді уақытында орындау үшін бар күшін салып жатқанын еске саламыз.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда жолаушылар live-chat қызметіне және WhatsApp-chat 24/7 қызметіне қолдау сұрай алатынын еске саламыз», - деп жазды компаниядан.