Фолкленд аралдарынан мұнай кеніші табылды

АСТАНА.15 қыркүйек. ҚазАқпарат - Оңтүстік Атлантикадағы Фолкленд аралдарынан мұнай іздеумен айналысып жүрген британдық Rockhopper компаниясы үлкен кеніш табылғанын мәлімдеді.

Компания 2016 жылы одан мұнай өндіруді бастауды күтуде. Кенішті игеруге екі миллиард доллар қаржы қажет, деп хабарлады Би-Би-Си.

Фолкленд аралдарынан мұнай қорын барлау архипелагтың егемендігін көздеп жүрген Аргентинаның наразылығын туғызды.