Бұл туралы ол Брюссельдегі Еуропарламентте өткен бюджет тыңдауында мәлімдеді. Бұл ЕО тарихындағы ең үлкен өсім болмақ.
— Бұл Еуропалық Одақтағы ең үлкен бюджеттік жоспары — шамамен 2 триллион еуро, — деп атап өтті фон дер Ляйен.
Оның айтуынша, жаңа бюджет 52 мақсатты бағдарламаны қамтиды. Оның 218 миллиард еуросы дағдарысқа ұшыраған аймақтарды дамытуға, ал 294 миллиард еуро Еуроодақтың ортақ ауыл шаруашылығы саясатына бөлінеді.
Еурокомиссия басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығын қолдау саласында бәсекеге қабілеттілікті жоғалтып, фермерлердің наразылығын тудырады. Жаңа жоспар бойынша аграрлық саясаттың үлесі 15%-дан аз болады. Бұрын бұл көрсеткіш Еуропалық Одақ бюджетінің 40% болатын.
Урсула фон дер Ляйен бюджеттің өсімі қандай қаржы көзінен көбейетіні немесе Одаққа мүше мемлекеттердің жарналары қалай өзгеретінін нақтыламады.
Бұған дейін Урсула фон дер Ляйен Еуропалық комиссияның барлау қызметін құруды жоспарлап отырғандығы жөнінде хабарлаған едік.