Табиғи апат болған өңірге 50 мың әскери жұмылдырылды. Құтқарушылар 1200-ден астам тұрғынды қауіпсіз аймаққа көшірді. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 60-қа жуық рейс кейінге шегерілген. Кеме қозғалысы да уақытша тоқтатылған.
Айта кетейік, дүлей дауыл осыдан 4 күн бұрын Тынық мұхитында пайда болған еді. Филиппинде дауыл ала келген ақ жауыннан Манилла қаласында бірнеше аудан су астында қалып, 5 адам қаза тапты. Екі мың тұрғын өзге аймаққа көшірілген.