Фонограммаға тоқтау бола ма - «Егемен Қазақстан» газеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына «Егемен Қазақстан» газетінің 1 ақпандағы санына шолуды ұсынады.

«Егемен Қазақстан» газетінің бүгінгі саны еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық еткен бір айдың қорытындысы туралы сараптама материалмен басталады. Сондай-ақ бас басылымның бірінші бетінен «Белсіздік пен бедеулік» атты мақаланы оқи аласыз. Бүгінде елімізде жаңа отау құрған отбасылардың 15 пайызы «бедеу» деген ауыр дертті арқалап жүр. Жалпы алғанда еліміз бойынша 14 мың әйел бедеу, мыңнан астам еркек - белсіз екен.

Сондай-ақ бас бағанда Дархан Өмірбек «Үйлену мәселесі жаңа көзқарасты талап еді» және Қарашаш Тоқсанбай «Фонограммаға тоқтау бола ма?» атты маңызды мәселе көтерді.

«Денсаулық» айдарынан журналист Салтанат Қуанышбекованың «Медициналық туризм неге қауқарсыз» сараптама материалы жарияланды. Мақалада бірнеше проблемалық мәселелер көтерілген.

Сонымен қатар Журналистер одағының мүшесі Сағындық Ордабековтың Қазақстан халық әртісі, өнертану ғылымының кандидаты, хореография профессоры, есімін көпшілікке жұмбақ, оны терең біле бермейтін, бар өмірін қазақ өнеріне арнаған талантты биші, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби балетмейстер туралы жазған «Дәурен Әбіров туралы не білеміз» атты мақаласын оқи аласыздар.

Спорт бетінен журналист Пхенчхан олимпиадасына баратын спортшылардың тізімімен танысып, грузин футболшысы Джаба Канкава туралы «Құтқарушы Канкава» атты мақаласын оқи аласыз.

Газетіміздің бүгінгі санынан бұдан басқа да қызықты әрі мазмұнды мақалалар мен ақпараттарға қанық боласыздар.