Кездесу барысында В.Фоос халықаралық байқаушыларды еліміздің сайлау заңнамасының ерекшеліктерімен, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының кезектен тыс президенттік сайлауды әзірлеу жөніндегі жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар ол делегация мүшелерінің Қазақстан Республикасындағы заңнамалық база мен сайлауды өткізу тәжірибесіне қатысты, үгіт науқанының барысы мен кандидаттардың белсенділігі туралы, сондай-ақ Ортсайлаукомның БАҚ-пен электораттық кезеңде халықты ақпараттандыру бөлігіндегі ынтымақтастығы туралы сұрақтарына жауап берді.
Кездесуге қатысушылар сайлау науқанының өркениетті және бірқалыпты өтіп жатқанын, бұл - жақсы ұйымдастырылған дайындық пен Қазақстанның ашық, айқын және демократиялық сайлауды өткізуге талпынысының айқын дәлелі екендігін атап өтті.