32 жастағы Мадридтің «Реал» командасының шабуылшысы және Португалия құрамасының сапында Еуропа чемпионы атанған Роналду тізімде қатарынан төртінші рет бірінші орынды еншіледі. Басылымның бағалауы бойынша 2016 жылдың 1 маусымынан 2017 жылдың мамыры аралығында ойыншы 93 миллион доллар тапқан. Оның шамамен 58 миллионы - оның жалақысы клубтағы бонусы, ал қалғандары жарнамалық келісімшарттардан түскен.
Екінші орында - «Барселона» және Аргентина құрамасының ойыншысы Лионель Месси. Оның кірісі жылына 80 миллион долларды құрайды. Мұның 50 миллионы - жалақысы мен клубтағы бонустары.
Үшінші орын табысы 34 миллион долларға жеткен «Барселонаның» тағы бір ойыншысы бразилиялық Неймардың еншісіне тиді.