Швециялық видеоблогер өзінің «летсплейлерімен» (видеодағы жанр түрі) танымал болды. Ол бейнеойындарды ойнайды және бір мезгілде оны жүргізіп отырады.
Forbes журналының бағалауынша, 2015 жылдың маусым айы мен 2016 жылдың маусымына дейін Кельберг 15 миллион доллар табыс тапқан. PewDiePie арнасына 5 миллионнан астам интернет пайдаланушылары тіркелген.
Екінші орында Роман Этвуд тұр. Ол 8 милллион доллар табыс тапты. Бұл қаржының бір бөлігін «Туа біткен қалжыңбастар» фильмінің кәдесыйларын сатудан көріп отыр.
Үшінші орында стэндап-комик Лилли Сингх тұр. Оның жылдық кірісі 7,5 миллион долларды құрады. Сингх арнасына 10,2 млн адам тіркелген.
Рейтингке барлығы 12 видеоблогер кірген. Forbes журналының жазуынша, олардың барлығы бірігіп, бір жылда 70,5 миллион доллардың басын құрап отыр.