Сондай-ақ, журнал жас жұлдыздар арасынан дәл осы рейтингке лайық ондықты анықтады. Ең көп қаржыға кенелген жастар қатарын 19 жасар Кайли Дженнер бастады. Оның жеке қоры биыл $41 миллион АҚШ долларымен толықты. Бұл кәсіпкердің тек Kylie аталатын косметика брендінен ғана түскен пайдасы, оның өзге де қосымша табыс көздері бар.
Олардан түскен пайданың жалпы саны рейтингтің екінші орынына тұрақтаған 23 жасар әнші Джастин Бибердің $83, 5 миллион АҚШ долларынан асып түседі.
30 жасқа дейінгі ең бай жастар рейтингі төмендегідей жалғасып кете береді: 3. Джордан Спит, $34,5 миллион, 23 жас
4. Chance the Rapper, $33 миллион, 24 жас
5. Неймар, $37 миллион, 25 жас
6. Дэмиен Лилард, $38,4 миллион, 26 жас
7. Эд Ширан, $37 миллион, 26 жас
8. Флетчер Кокс, $33,4 миллион, 26 жас
9. The Weeknd, $92 миллион, 27 жас
10. Эндрю Лак, $50 миллион, 27 жас