Басылым ақпаратына қарағанда, 2012 жылдың маусымы мен 2013 жылдың шілдесі аралығында оның табысы шамамен 33 млн. АҚШ долларын құраған көрінеді. Forbes-тің атап өтуінше, Джоли - Голливудта фильмге түсу үшін кем деген 15 млн. доллар талап ететін аз ғана актрисалардың бірі.
Джоли Forbes-тің рейтингін екі жыл бұрын бастаған болатын, алайда өткен жылдың қорытындысы бойынша ол төртінші орында еді. Биыл ол тағы да голливудтық беделді актриса болып атанды.
Бұл тізімдегі екінші орынға 22 жасар Дженнифер Лоуренс тұғырланды. Ол бір жылдың ішінде 24 млн. доллар табысқа қол жеткізген екен.