Forbes: Майкл Джексон ең бай адамдар тізімінде тағы топ жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2009 жылы өмірден өткен әнші Майкл Джексон тағы да Forbes журналының көз жұмғандардың ішіндегі ең бай танымал адамдар рейтингісін бастап тұр. Бұл туралы Росбалт хабарлады.

Джексонның соңғы жылдағы кірісін Forbes 140 млн. долларға бағалады. Рейтингтегі екінші орын 1977 жылы өмірден озған Элвис Преслиге тиесілі. Forbes-тың бағалауынша, Пресли соңғы жылы 55 млн. доллар пайда тапқан. Үздік үштікті американдық карикатуршы-суретші Снупи Чарльз Шульц тұйықтап тұр. Forbes-тың бағалауынша, ол 40 млн. доллар тапқан. Шульц 2000 жылы өмірден өткен. 2015 жылы оның Снупи туралы комиксіне негізделген мультипликациялық Peanuts фильмі экранға шығады деп күтілуде. Өмірден өткен бай болған жұлдыздар тізімінің алғашқы ондығына Голливудтың бірнеше танымал адамдары кірді. 2011 жылы қайтыс болған актриса Элизабет Тэйлордың байлығы 25 млн. долларға бағаланды. 1962 жылы өмірден өткен Мерлин Монро 17 млн. доллар тапқан. Ал Стив Маккуин мен Джеймс Диннің кірісі сәйкесінше 9 және 7 миллион долларды құраған.