Осы штатта, Голливуд пен Силикон алабының отанында байлығы 30 млн. доллардан асатын американдықтардың елеулі бөлігі қоныстанған екен. Калифорнияда олардың саны шамамен 10 мыңдай отбасы, Ал жалпы АҚШ-та оларды саны 55 мың отбасыны құрайды, деп хабарлайды РИА Новости.
Калифорниядан кейін қаржының шоғырлануы жағынан Нью-Йорк, Техас, Иллинойс пен Флорида тұр. АҚШ-тың ең бай-қуатты азаматтары осы бес штатта шоғырланған.
Федерацияның ең кедей субъекті - сиу тайпасының үндістерінің штаты болып саналатын Солтүстік Дакота. Канадамен шекаралас жатқан бұл штатта американдық өлшем бойынша супер-байлар қатарындағы тек 40 адам тұрып жатыр. Байлар қоныстанбаған штаттар үштігіне сонымен қатар Аляска мен Делавэр кіріпті.