«Ресей Президенті Владимир Путин Forbes журналының нұсқасы бойынша әлемдегі ең ықпалды адамдар тізімінде көш бастады. 61 жастағы саясаткер АҚШ басшысы Барак Обама (2-орын) мен Қытай төрағасы Си Цзиньпинді (3-орын) басып озды», - делінген хабарламада.
Барлығы Forbes рейтингісіне 72 әлемдік саясат, экономика және қоғам қайраткері енген.