Forbes жұрналы әлемнің ең беделді адамдарының тізімін жариялады

АСТАНА.  Қарашаның  12-сі. ҚазАқпарат -   Forbes  жұрналы әлемнің ең   беделді  адамдарының тізімін жариялады.

Американдық  басылымның    нұсқасы  бойынша,    алғашқы   үштікке   АҚШ Президенті Барак Обама, Қытай   Халық  Республикасының  Төрағасы  Ху  Цзиньтао  және  Ресей Федерациясының Премьер-Министрі   Владимир  Путин  кіріп  отыр.

 Ал төртінші  орында  АҚШ Федералдық  резервтік  жүйесінің төрағасы Бен Бернанке  тұрса,    бесінші  орынды   Google   іздеу  жүйесін  жасаушылар Сергей Брин мен Ларри  Пейдж  иеленді.

 Ал Microsoft компаниясының    негізін қалаушылардың бірі  Уильям Гейтске     Forbes  журналы  10-шы орын берген.  Ал  11-ші  орында Рим Папасы    Бенедикт  XVI  тұр.

 Билл  Клинтон 32-ші, Усама бен Ладен - 38, РФ Президенті Дмитрий  Медведев - 44-ші орында.