Forbes журналы ең қымбат футбол клубтарын атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Forbes журналы әлемдегі ең қымбат футбол клубтарының рейтингін жариялады, онда бірінші орында ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубы тұр.

Тізім жасаушылар  МЮ-ді  $3,689 млрд-қа бағалады, бұл ретте  клуб  2015/16  маусымда  $765 млн табыс тапты.

  Ең қымбат футбол  клубтарының үштігіне  каталондық «Барселона» және мадридтік  «Реал» кірді, олардың құны  $3,635 млрд және тиісінше  $3,58 млрд құрады.