«Ресей президенті өзінің ықпалын әлемнің әрбір түкпіріне жеткізе білді, ол Отанынан Сирияға, АҚШ-тағы президенті сайлауына дейін көсіліп жатыр. Путин өзіне қажеттінің бәрін алуда»,-деп түсіндірді өздерінің шешімдерін журнал өкілдері.
Әлемдегі ықпалды саясаткерлердің кезегін Трамп жалғады. АҚШ-тың бүгінгі басшысы Барак Обама 48-ші орынға жайғасқан. Үшінші орында Германия канцлері Ангела Меркель тұрса, одан кейінгі орындарға Қытай басшысы Си Цзиньпин мен Рим папасы Франциск орналасқан.
Әлемдегі ең ықпалды он адамның қатарына АҚШ-тың Федералды резерв жүйесінің басшысы Джаннет Йелен, бизнесмендер Билл Гейтс, Ларри Пейдж бен Марк Цукерберг кірген. 32 жасар Цукерберг рейтингтің ең жас мүшесі.
Ресейліктерден тізімге Путиннен басқа бизнесмен Алишер Усманов кірді. Ол түрлі салалар бойынша бизнесін «дөңгелетіп» отырған Ресейдің ең бай адамдарының бірі ретінде көзге іліккен.
Өткен жылы да әлемнің ең ықпалды адамдарының көшін Путин бастаған. Одан соң Ангела Меркель мен Барак Обама тұрды.