Кетчуптың 52 түрін шығаратын Heinz компаниясында экологиялық таза өнімдер - көкөністердің сыртқы қабығы, дәнегі және қызанақтың сабақтары баршылық. Ford компаниясының инженерлері осы заттардан көліктің салонының кейбір бөлшектерін алмастыра алатын зат жасап шығарды. Қазір ол сынақтан өтуде.
Жаңа материал жеңіл әрі төзімді болып келеді. Ол ең бастысы мұнай өнімдерін үнемдейді және қоршаған ортаға зияны азайды. Енді бұл бөлшектер сынақтан өтсе, Mondeo, Fiesta, Focus және Galaxy модельдерінде қызанақтан жасалған бөлшектер пайда болмақ.
Айта кетейік, Ford компаниясы өзінің көліктерінде кокос талшықтары мен соядан жасалған бөлшектерді ойдағыдай пайдаланып жүр.