Африка Гран-приі Формула-1 әлем чемпионатының күнтізбесіне 2030 жылдардың басында енгізіледі.
Ұйымдастырушылардың мәлімдемесіне қарағанда, Формула-1 Руандамен қол қойылған он жылдық келісім бойынша 1993 жылдан бері алғаш рет Африка құрлығына оралады.
Ұзақ мерзімді келісім бойынша, алғашқы жарыс Руанданың Бугесера аймағында салынатын трассада өтеді. Жарыс жолының құрылысы 2030 жылдардың басында аяқталуы қажет.
Африка құрлығындағы соңғы Формула-1 жарысы 1993 жылы Оңтүстік Африкада өткен. Сол жарыста француз Ален Прост бразилиялық Айртон Сеннаны басып озып, бірінші болып мәреге жеткен болатын.
Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада «Формула-1» трассасы салынуы мүмкін екенін жазғанбыз.