деп хабарлайды CNN телеарнасы. Бұл шешім М.Шумахер мен команда басшылығының кездесуі барысында қабылданып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Фелипе Масса өткен аптада «өміріне қауіпті» бас жарақатын алып, ауруханаға түскен болатын. Бразилиялық пилот «асау» болидін игере алмай, апатқа ұшырап, бас жарақатын алды.
М.Шумахер - әлемнің жеті дүркін чемпионы, «Формула-1» додасының көптеген рекордтарының иегері, автоспорт тарихындағы ең табысты пилот. Ол өзінің спорттық мансабын 2006 жылы аяқтаған болатын. Енді міне, өзінің сүйікті спортына қайта оралғалы отыр.