ForteBank Home Credit Bank және HomeITTech компаниясын сатып алуға рұқсат алды

Коллаж: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «ForteBank» АҚ-на «Home Credit Bank» АҚ мен «HomeITTech» ЖШС-ін еншілес ұйым ретінде сатып алуға рұқсат берді.

Ведомство хабарламасына сәйкес, келесідей басқарма қаулылары бекітілді:

- 2025 жылғы 31 қазандағы №68 қаулы - «ForteBank» акционерлік қоғамына «Home Credit Bank» акционерлік қоғамының еншілес ұйымын сатып алуға рұқсат беру туралы»;

- 2025 жылғы 31 қазандағы №69 қаулы - «ForteBank» акционерлік қоғамына «Home ITTech» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің еншілес ұйымын сатып алуға рұқсат беру туралы».

– Бүгін Home Credit Bank Kazakhstan дамуының жаңа кезеңі басталады. Банк Қазақстанда 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде біз миллиондаған қазақстандыққа күнделікті мәселесін шешуге және үлкен мақсатқа жетуге көмектесетін тұрақты қаржы институтын қалыптастырдық. Бұл оқиға клиенттеріміз үшін маңызды, себебі бұл жаңа сапалы қызметтің пайда болуына және банктің одан әрі өсуіне ықпал етеді, - деді «Home Credit Bank» АҚ басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Еске сала кетсек, биыл маусымда «ForteBank» АҚ «Home Credit Bank» АҚ-ның 100% акциясын сатып алғанын хабарлаған болатынбыз.