«Марк Цукерберг небәрі 32 жаста, бірақ ол құны $375 млрд, кірісі $22 млрд, және 1,8 млрд.-қа жуық пайдаланушылары бар ықпалды компания құрып үлгерді. Оның біз өмір сүріп отырған әлемдегі жаңашылдыққа ұмтылысы көп нәрсені аңғартады»,- деп жазады Fortune.
Рейтингте екінші орынды Amazon Джефф Безос иеленді (бұған қоса ол Bloomberg нұсқасы бойынша ең бай американдық рейтингінде екінші орынды алып отыр). Үшінші орын - Ulta Beauty косметикасының желілік дүкендерінің бас директоры Мэри Диллонның еншісінде.