Форумда саладағы маман тапшылығы мәселесі көтерілді

Фото: ҚР АШМ

АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында саладағы маман тапшылығы мәселесін көтерді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.   

— Соңғы кездері ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерден жұмыс күші жетіспейтіні жөнінде көп өтініш түсіп жатыр. Бұл түйткіл, әсіресе, егін егу, жиын-терін науқанында, өндірісті кеңейту немесе жаңа нысандар құрылысы кезінде қатты сезіледі. Маман тапшылығы көршілес елдерден келетін еңбек мигранттары есебінен ішінара шешіледі. Шаруалар квотаны көбейтуді сұрайды. Олардың талабын ішінара орындауға болатын шығар. Бұл өзі қызық жағдай: бірі ауылда жұмыс жоқ десе, енді бірі жұмысшы жетіспейді деп шағымданады. Әрине, жұмыс бар, бірақ онымен шұғылданатын адам аз. Мұны мойындау керек, — деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттық жүйелерді интеграциялауды тапсырды. 

Ауыл шаруашылығына арналған жеңілдетілген несие алғаш рет 1 триллион теңгеден асқаны айтылды. 

Салаға шетел инвесторларын тарту жұмысын тездету қажеттілігі сөз болды.