Фотобайқау жеңімпазының Ұлттық мұражайда жеке көрмесі мен мұрағаты ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық мұражайы 2015 жылы тойланатын мерейтойлар туралы республикалық фотосурет байқауын жариялады.

Фото байқаудың мақсаты - ел болып тойлайтын маңызды мерекелерді насихаттау.

Байқаудың жүлде қоры - 500 мың теңге. Жеңімпазды Ұлттық мұражайда көрмесін ұйымдастырылып, жеке мұрағаты жасалады. Еске сала кетейік, биыл Қазақстанда бірнеше айтулы мереке бар. Нақтырақ айтқанда, қазақ елі биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын, ҰОС 70 жылдығын, ҚР Конституциясының 20 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы тойлайды.